АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ПОЛЬШАДА НАСИХАТТАУДА
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың маманы Дана Нығманова Лейн Киркланд атындағы халықаралық стипендиялық бағдарлама арқасында шетелде болған.
«Мен 9 ай зерттеу жүргізіп, Краков қаласындағы Ягеллон университетінде ғылыми жұмыс жаздым. Варшавада Польшаның Ұлттық академиялық алмасу агенттігінде екі апталық тағылымдамадан өттім», - дейді Дана Нығманова.
Сондай ақ, қазақ мәдениетін насихаттау үшін мектептердің бірінде таныстыру жобасын Қазақстанға арнаған. Практикалық бөлім барысында поляк оқушылары қазақ ою-өрнектерін қағаздан қиюды үйренген.