SDU ғылыми кітапханасы «Open access» стилінде жасақталып, электронды жүйе арқылы басқарылады. Білім алушы жастар үшін қолайлы жағдайлардың барлығы жасалып, үш қабатты ғимаратта оқу залы, демалыс орындары, конференц-зал, компьютер бөлмесі ашылған. Университет кітапханасының қорында 410 мыңнан астам кітап бар. Оның ішінде қазақ тілінде – 119 113, орыс тілінде – 32 565, ағылшын және басқа тілдерде – 258 638 дана кітап бар. Ғылыми кітапхана түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.