Қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта, сондай-ақ «Egov электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады. Қызметті білім беру гранттарының иегерлері де, ақылы оқуға түсетіндер де электронды түрде қолдана алады.
Естеріңізге сала кетсек, отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом, № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін, білім грантын тағайындау туралы электронды куәлігін тапсыру керек. Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар ұсынылады.