Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, ҚР азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.
2023-2024 оқу жылына арналған грант түрлері мен саны:

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300;

тілдік курстар үшін (Қазақстан Республикасы азаматтарына) - 200;

тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) - 50;

Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200.