ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің тапсырмасы аясында студенттерді Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жатақханаларына орналастыру мәселелерін жедел шешу үшін ахуалдық және кризистік орталықтар құрылуда.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Білім туралы» заңның барлық білім алушыларды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуді көздейтін жаңа редакциясы күшіне енеді. Ахуалдық және кризистік орталықтардың міндеті – студенттерге баспана іздеуде қажетті көмек көрсету. Сонымен қатар әр университетте студенттерді жатақханалар мен хостелдерге орналастырудың жеке бекітілген алгоритмі бар. Бұл алгоритм туралы толық ақпарат университеттердің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланған.
Сондай-ақ, Байтұрсынов көшесі, 22к 1 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласының барлық жоо-ларын қамтитын студенттерді орналастыру мәселелері бойынша қосымша жедел штаб жұмыс істейді.
Жаңа оқу жылына дайындықты тексеру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері Алматы қ. жоо-ларын аралады.
Сәтбаев университетінде олар оқу ғимараттары мен жатақханалардағы дайындық жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жатақханаларда орын беруге құжаттарды қабылдау жүйесі толығымен автоматтандырылған. Өткен жылғы тәжірибені ескере отырып, ұсынылатын орындардың саны екі есеге артқан. Университет өкілдері қалалық ахуалдық штабтың қызметіне белсенді қатысуда. Студенттер өз сұрақтарын университеттің ресми парақшаларында және SU Solution қосымшасында қоя алады. Сәтбаев университетінің студенттерін қолдау мәселелері бойынша +77002551443 нөмірі бойынша жедел желі құрылды.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР ҒЖБМ жанында студенттердің тұрғын үймен туындаған мәселелеріне жедел ден қою үшін ахуалдық орталық іске қосылды. Студенттер +77002551443 және +77076660037 нөмірлері арқылы 24/7 хабарласа алады.