Биыл жоғары оқу орны мен Түркия еліндегі Карабюк университетінің арасында қос диплом бағдарламасын енгізу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Оған сәйкес, қос диплом бағдарламасы магистратураның математика және компьютерлік ғылымдар, физика және электроника, бизнес-информатика, химиялық талдау және мұнай-химия синтезі мамандықтары бойынша 4 білім бағдарламасымен іске асатын болады. Атап өтсек, Карабюк университетінде 102 мемлекеттен 50 000 студент, магистрант, докторант білім алады.
Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Филология: әдебиеттану және лингвистика» мамандықтары мен Түркиядағы Нигде Өмер Халисдемир университетінің арасында «қазіргі түркі тілдері» мамандығының магистратурасы бойынша қос дипломдық білім беру бағдарламасы ашылды. Қазір рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.