Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтарды жеке қабылдады. Азаматтарды қабылдау орталығында ведомство басшысы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу, білім беру гранттарын беру, жатақханаларға орын беру және азаматтарды толғандыратын басқа да мәселелер бойынша халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Министрмен кездесуге Астана, Қарағанды қалаларының тұрғындары келді. Сондай-ақ, Павлодар облысының тұрғыны Министрге мемлекеттік білім беру гранттарын беру мәселесі бойынша ZOOM онлайн-платформасы арқылы жүгінді.
Саясат Нұрбек барлық өтініштерге толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер министрдің жеке бақылауына алынды. Министрліктің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың өтініштері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.