ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРТУ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРТУ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде үш жатақхананы жөндеу бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде. Олар Басқарма төрағасы – ректор М. К. Ибатов бекіткен кесте шеңберінде өтеді.
Биыл екі жатақханада жаңа ішкі есіктер қойылып, үй-жайларға косметикалық жөндеу жүргізілді.
«Тұрмыстық бөлмелер орналасқан әр қабатта біз қабырғалар мен едендерді жаңарттық. Қайталанбас жайлылық пен үй жағдайын жасайтын жаңа перделер мен шамдар студенттерді қуантады. Бірінші қабатта ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін ыңғайлы душ орнатылды», - дейді ЖОО-ның инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директоры Гүлназ Мусина.
Ең үлкен жатақханада – «Армандастар ордасы» тұрғын үй кешенінде қазір жыл бойы краннан ыстық су ағып тұрады.
«Қыс мезгілінде ыстық су тек орталық су көзінен беріліп, сәуірден қазанға дейін тоқтатылатын. Бірақ қазір біздің университетте су жылыту құрылғылары пайдалануға берілді, соның арқасында студенттер жылдың кез келген уақытында душ қабылдауға мүмкіндік алады», - деп атап өтті ЖОО Әкімшілік-шаруашылық жұмысы департаментінің директоры Бауыржан Урбисинов.
Білім алушылардың жатақханаларда жайлы өмір сүруі үшін оқу бөлмелері, демалыс бөлмелері, автоматты кір жуғыш машиналармен жабдықталған кір жууға арналған бөлмелер, кептіру және үтіктеу бөлмелері қарастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық жатақханалар автоматты және сөйлеу өрт дабылымен, сондай-ақ бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Жалпы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жатақханаларында студенттердің жайлы өмір сүруі үшін 1500-ге жуық орын құрылды. Бүгінгі таңда ЖОО білім алушылардың тұрмыстық мәселелер туралы ойламай, оқуға, ғылымға және әлеуметтік дамуға назар аударуын қамтамасыз етеді.