ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЗАМАНАУИ БАТЫС ТАРИХНАМАСЫНДА

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЗАМАНАУИ БАТЫС ТАРИХНАМАСЫНДА
Бүгін Мемлекет тарихы институтында ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ қоғамының бет-бейнесін өзгерткен күрделі тарихи процестердің зерттеушісі, француз тарихшысы, PhD Изабелла Огайонмен ғылыми кездесу өтті.
Кездесу аясында жаңа саяси және азаматтық ұлт бірегейлігінің қалыптасуында осы процестердің орны мен рөлі жөнінде пікір алмасып, Институт директоры қоғамдық дискурста жаңа нарративтердің орнығуын тілге тиек етті. Әділетті Қазақстан идеясының өміршеңдігі ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғырту ісімен ұштасуында, ал оған Қазақстан тарихының академиялық жеті томдық әзірленуі дәлел деп атап өтті. Өз кезегінде бұл заманауи батыс тарихнамада тың көзқарастардың зерделенуі өзара әріптестікті одан әрі тереңдетпек.