Бір жыл бұрын Ақтаудағы Есенов университетінде Huawei ICT Academy ашылған болатын. Ол жерде мынадай артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік бар:

шынайы білім, яғни өнеркәсіппен және біліммен бөлісу;

соңғы технологиялар мен Huawei электрондық оқу ресурстарына қол жеткізу;

салалық стандартты модельдеу құралдарына қол жеткізу;

студенттер үшін салалық стандартты ICT оқыту және сертификаттау;

мастер-кластар, семинарлар, салалық сапарлар және ICT жарыстары;

Huawei-де жұмыс істеу, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері;

оқыту және сертификаттау арқылы студенттердің жұмыс мүмкіндіктерін арттыру;

Huawei сертификаттау емтиханына тегін ваучерлер алу.
Оған кімдер қатыса алады?
Huawei ICT Academy кез келген мамандықтағы барлық Yessenov University білім алушыларын ICT академиясына қосылуға шақырып, 255 білім алушыны қатарына қосты.
Huawei Technologies Kazakhstan компаниясымен Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан ортақ меморандумға қол қойылды. Алдағы үш жылда Huawei Қазақстандағы цифрлы білім деңгейін ілгерілету үшін ICT академиясын дамытады. Еліміздің жетекші университеттерінде ынтымақтастық аясында 50-ден астам Huawei академиясы құрылады деп күтілуде. Бұл академиялар бүкіл еліміз бойынша 5000-ға жуық студентті қамтиды деп жоспарлап отырмыз. Оқыту нәтижесі бойынша студенттеріміз халықаралық деңгейде мойындалған Huawei сертификатын ала алады.
Yessenov University-де ашылған ICT Academy көмегімен бүкіл аймақтың цифрлық болашағы үшін мықты таланттар дайындап жатырмыз. Huawei ICT Competition 2022-2023 Eurasia финалына шыққан білім алушылар арасынан финалға дейін жеткен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» БББ білім алушысы Оралбай Өтебайға компания HUAWEI WATCH сыйлығын тарту етті.