ҚАЗҰУ СПОРТШЫЛАРЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УНИВЕРСИАДАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

ҚАЗҰУ СПОРТШЫЛАРЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УНИВЕРСИАДАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 спортшысы Қытайдың Чэнду қаласында өтетін ХXXI жазғы Дүниежүзілік студенттік ойындарға аттанды. Олар спорттың жеңіл атлетика, дзюдо және нысанаға оқ ату түрлерінен Қазақстан намысын қорғайды.
Жеңіл атлетикадан Кристина Морозова, дзюдодан – Бекарыс Сәдуақас пен Сұңғат Жұбатқан, нысанаға оқ атудан – Аруна Алтухова және Константин Малиновский ел құрамасы сапында өнер көрсетеді.
Сонымен қатар әлемдік додада ҚазҰУ түлектері – Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан, Әлібек Мусин жүзуден бақ сынайтын болады.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Универсиададағы жарыс жолын ертең садақ ату жарысынан бастайды. Жазғы Дүниежүзілік студенттік ойындар 28 шілде мен 8 тамыз аралығында спорттың 18 түрінен өтеді.