САЯСАТ НҰРБЕК АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

САЯСАТ НҰРБЕК АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Азаматтарды қабылдау орталығында министр ғылым мен жоғары білімнің жекелеген мәселелері бойынша халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Министрмен кездесуге Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары келді. Азаматтар жоғары оқу орындарына түсу, ҰБТ тапсыру, ғылым және «Болашақ» бағдарламасы мәселелері жөнінде өз сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысушылардың бірі салауатты өмір салтын білім беру жүйесіне енгізу туралы және ғылым академиясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын алға тартты.
Саясат Нұрбек барлық өтініштерге толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Астанадағы Министрліктер үйінде азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істей бастады, ол Халықпен жұмыс жөніндегі орталық мемлекеттік органдардың бірыңғай фронт-желісі болуға арналған. Оның құрылуы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі үлкен жұмыстың жалғасы болып табылатынын атап өткен жөн.