ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Дулати университетіне ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы келіп, университет ғалымдарының коммерцияландыруға дайын жобаларының өңір дамуына қосар үлесін талқылады.
Жиын барысында ҚР ҰҒА Ғылым департаментінің директоры Руслан Ерғалиұлы ғалымдардың экономикалық тұрғыда тиімді жобаларының ерекшеліктерін атап өтті.
«Өңірлердегі кей өзекті мәселелерді шешуде ғалымдардың көмегі қажет. Осы мақсатта академия ғылыми ұйымдар мен жергілікті мемлекеттік органдар арасында алтын көпір болуды көздеп отыр. Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты да осы», – деді Руслан Ерғалиұлы.