ҒЫЛЫМ ҚОРЫ ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫТАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ БІРҚАТАР ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

ҒЫЛЫМ ҚОРЫ ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫТАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ БІРҚАТАР ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ
Ғылым және жоғары білім министрінің кездесуін жалғастыру үшін Қытай делегациясы Ғылым Қорына барып, онда Қазақстан мен Қытайдың кәсіпкерлік қоғамдастықтары арасындағы технологияларды коммерцияландыру мүмкіндігімен байланысты ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі мәселелері талқыланды.
Қытай тарапынан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды беру орталығы директорының орынбасары Лю Хунчжи, халықаралық байланыстар және ынтымақтастық департаментінің директоры Ху Лили, халықаралық байланыстар және ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, Орталық Азия елдерімен, Қазақстанмен ынтымақтастық кураторы Абай Саханов, Қазақстан тарапынан Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосинов, Ғылым Қоры Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сембаева қатысты.
Қонақтарға 2022 жылғы байқаудың қорытындысы бойынша бірқатар ғылыми әзірлемелер таныстырылды.
Олардың қатарында ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезіне қарсы «BRUVAC ®» және «BRUCON ®» вакциналары, пилотсыз авиациялық кешендер, электромобильдерге арналған зарядтау станциялары, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына арналған коррозияға қарсы фосфат материалдары, экспортқа бағдарланған құрғақ ботқалар және балалар мен диеталық тамақтануға арналған ашытылған сүт өнімдері және басқалар бар.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылым мен технология саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.