Қызыл апорт хош иісті бірегей парфюмерияны Satbayev University ғалымы жасап шығарды

Қызыл апорт хош иісті бірегей парфюмерияны Satbayev University ғалымы жасап шығарды
Қызыл апорт хош иісті бірегей парфюмерияны Satbayev University ғалымы жасап шығарды. Гүлжан Түзелбаева өз жұмысында парфюмерияның классикалық формулаларымен бірге ұлттық нақышты қолданады.
Гүлжанға апорт хош иісімен парфюмерия жасау идеясы Францияда оқып жүргенде келді. Онда ол қажетті білім алып, оны іс жүзінде қолданғысы келді. Ол сандал ағашы мен балқарағай табиғи ингредиенттерін пайдаланып, "синтетикалық алманы" кішкене тамшылату арқылы әйгілі апорттың хош иісін ала алды. Алманың тәтті болуы және сонымен бірге қышқылдық беруі үшін ваниль, апельсин және гольбан қосылды.
Бүгінгі таңда ассортиментте 60-қа жуық парфюмерия, 50 шам және үйге арналған 30 хош иіс бар. Жақын арада Гүлжан өз зауытын ашып, айына 10 мыңға дейін өнім өндіруді жоспарлап отыр.
Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан осы салада елді дамыту үшін зор әлеуеті бар отандастың арманын іске асыру үшін қолдау көрсетілетін болады.