СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ СЕРБИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН ҚАТЫСТЫ

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ СЕРБИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН ҚАТЫСТЫ
Бейсеуова Айсәулем – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Энергетика және машина жасау институтында «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша 1-курс студенті. Болашақ кәсіби маман 16–24 шілде аралығында өтіп жатқан ISWiB халықаралық фестиваліне біздің еліміздің атынан қатысуда. Айта кету керек, бұл – барлық мамандықтардағы студенттер үшін жылына екі рет өткізілетін әлемдегі ең ірі тақырыптық студенттік фестиваль. Ал оған қатысуға қол жеткізу оңай емес. ISWIB командасы биылғы жылғы қатысушыларды бірнеше мың үміткерлердің ішінен мұқият іріктеп алды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық студент фестивальге қатысып, өзара бірегей халықаралық тәжірибе алу үшін Сербияның Белград қаласында бас қосты. Жан-жақтан келген студенттер диалог алаңдарында екі апта бойы жаһандық мәселелерді талқылап, оның шешімдерін іздестіреді. Алдағы іс-шараның тақырыбы: «Коммуникацияның болашағы – барлық бағыттағы байланыс».