Алайда, соңғы уақытта ҚР ҒЖБМ мен «ҰМҒТСО» АҚ-ға қатысы жоқ түрлі ресурстарда ақылы негізде кеңес беру қызметтерін көрсету туралы хабарландырулар пайда болды. Министрлік азаматтарды мұқият болуға және ақпаратты ресми дереккөздерде тексеруге шақырады. Кеңес беру қызметтері тегін көрсетіледі.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша, сондай-ақ Ғылым комитеті мен ҰМҒТСО АҚ қызметкерлерінен 355 00 52 жедел желі (ішкі нөмірлері) телефоны бойынша МҒТСО ААЖ пайдалану бойынша кеңес алуға болады 201, 202, 203, 207, 208, 209, 211, 214, 216, 218), 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29, 74-19-04, 74-25-88; қаржы мәселелері бойынша 8 (7172) 74-16-53.