Испандық жоғары оқу орындары Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Испандық жоғары оқу орындары Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Испания арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, сондай-ақ Испания ректорларының Қазақстанға сапарын дайындау шеңберінде Испаниядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің испан жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн кездесуі өтті.

Іс-шараға 50-ден астам қазақстандық және испан университеттер, Испан білім беруді интернационалдандыру қызметінің басшылығы, Испания ректорларының конференциясы және Испанияның Қазақстандағы Елшілігі қатысты.

Іс-шара барысында ҚР-да испан университеттерінің өкілдіктерін ашу, ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту және ынтымақтастықтың басқа да салалары талқыланды.

Өз тарапынан испан университеттер Қазақстанмен өзара іс-қимылды күшейтуге, байланыс алмасуға, елімізде өкілдігін кеңейтуге, студенттер мен оқытушылар алмасуды ұлғайтуға, «Болашақ» бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірді.