ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ
Бүгін Ясауи университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Түркістан облысы халқына есеп беру кездесуін өткізді.
Вице-министр Талғат Ешенқұлов министрліктің атқарған жұмыстары, алға қойған бастамалары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, жоғары білім берудегі 8 басымдыққа тоқталды. Жоғары білім берудің қолжетімділігі, озық кадрлық қамтамасыз ету, үздік білім беру жүйесін дамыту сияқты т.б басымдықтардың негізгі мақсатын айқындады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің бүгінге дейін жүзеге асырған жобалары жөнінде, білім мен ғылым саласының маңызды сұрақтары туралы сөз қозғады.
Кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу бағдарламалары мен білім беру жүйесіндегі озық үлгілері мен ерекшелігін атап өтті.
«Қазіргі таңда жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын өздігінше дайындауға дербестік берілген. Ал, Ясауи университеті оқу бағдарламасын 100 %-ға өзгерткен бірден-бір оқу орда. Аталған жаңа бағдарламалары басқа мекемелерге үлгі ретінде де ұсынылуда», - деді вице-министр.
Іс-шара соңында жиналған көпшілік жоғары білім саласына байланысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.