Қос дипломды бағдарламаға құжат тапсыру үшін талапкер ҰБТ-да «География-Биология», «Химия-Биология», «Физика-Математика», «География-Математика» пәндер комбинациясы бойынша кемінде 50 ұпай жинауы керек. Сондай-ақ, IELTS, TOEFL ITP, TOEFL iBT, Duolingo тілдік тестілерінен өткені туралы сертификат болу қажет.
Қозыбаев университетінде құжаттарды барынша ыңғайлы қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалған. Техникалық хатшылар демалыссыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, талапкерлер өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында онлайн өтініш бере алады.