Бүгін Жұбанов университетінде оқу орнының базасында ашылатын Heriot-Watt университетіне де оқуға түсетін талапкерлерді қабылдау науқаны басталды. Ағылшын тілін білетін, ҰБТ-дан шекті 50 балл жинаған және Математика-Физика, Математика-Информатика бейіндік пәндерін таңдаған талапкерлер Шотландиялық жетекші жоғары оқу орнына грантқа құжаттарын тапсыра алады. Оқуға түсуге арналған жалпы құжаттардан басқа, талапкердің IELTS немесе ағылшын тілі емтиханынан өткені туралы сертификаты болуы керек. IELTS сертификаты жоқ талапкерлер үшін университетте 13-15 шілде аралығында ағылшын тілінен арнайы тегін емтихан өткізіледі.
Жұбанов университетінде құжат қабылдау үшін талапкерлерге қолайлы жағдайлар жасалуда. Арнайы қабылдау комиссиясында 40-тан астам техникалық хатшылар қызмет көрсетуде. Сонымен қатар талапкерлерге өз-өзіне қызмет көрсету алаңы да ұйымдастырылды. Студенттер сарайының кіреберісіне орналасқан компьютерлер арқылы кез келген талапкерлердің құжаттарды онлайн тапсыруға мүмкіндіктері бар.