Саясат Нұрбек азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді

Саясат Нұрбек азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде 30 маусым күні онлайн-режимде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді. Қабылдауды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жүргізді.

Министрдің қабылдауына тіркелген азаматтар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Азаматтардың көптеген мәселелері жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға қатысты болды, сондай-ақ ғылымды дамыту мәселелері және т. б. көтерілді

Министр азаматтардың барлық сұрақтарына толық жауап беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауға алып, түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауы алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.