Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінде ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде әлеуметтік әріптестік пен ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссия туралы ережені бекіту, салалық комиссияның төрағасы мен төраға орынбасарын, үйлестірушісін сайлау мәселелері қаралды, сондай-ақ салалық комиссияның жұмыс жоспары бекітілді.

Жалпы, еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде тұрақты бақылауда болады және ғылым және жоғары білім саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады.