КАЗАХСТАН И ГЕРМАНИЯ: НОВЫЕ ПЕРСПЕКТИВЫ УНИВЕРСИТЕТСКОЙ НАУКИ

КАЗАХСТАН И ГЕРМАНИЯ: НОВЫЕ ПЕРСПЕКТИВЫ УНИВЕРСИТЕТСКОЙ НАУКИ
Қазақстандық және неміс университеттері мен ғылыми ұйымдарының 200-ден астам өкілдері Қазақстан мен Германияның ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері бойынша семинар-тренингке қатысты. Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ және Esil University қатысуымен ұйымдастырды.
Семинар барысында DFG Неміс зерттеу қоры, Неміс геоғылымдарды зерттеу орталығы, DAAD Неміс академиялық алмасу қызметі, Өтпелі экономикадағы Лейбниц Ауыл шаруашылығын дамыту институты (IAMO), Дрезден техникалық университеті және Халле университеті ғылымның түрлі салаларындағы қазақстандық серіктестермен одан әрі өзара іс-қимыл туралы өз көзқарастарын білдірді.
Өз кезегінде қазақстандық ғылыми қоғамдастық өкілдері университеттік ғылым мен ғылыми зерттеулерді дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын да атап өтті. Атап айтқанда, бұл энергетика, климаттың өзгеруі, денсаулық сақтау, цифрландыру, инженерия, машина жасау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және ғылыми кадрларды даярлау салалары. Бұл туралы семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ләззат Ералиева, ҚР Ғылым қорының төрағасы Әбділда Шаменов және «ХБО» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов айтып берді.
«Біздің ынтымақтастығымыз нақты бірлескен жобаларда жүзеге асырылуда. Мысалы, Алматыда Қазақстан-Неміс университеті инженерлік кадрларды даярлайды. Сонымен қатар биыл Ақтаудағы Есенов университеті базасында Қазақстан-Неміс инжиниринг институтын ашу жоспарлануда. Бұл екіжақты ынтымақтастыққа, университет ғылымын дамытуға және инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға жаңа серпін береді», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.
Сондай-ақ, Қазақстан неміс тарапының 2023 жылдың қазан айында Алматы қаласында Орталық Азияның ғылыми ұйымдары мен жол-ларының қатысуымен Германия ғылым күнін өткізу туралы ұсынысын қолдайтыны айтылды.