Абай университетінде интерактивті бейнежазбаны сапалы түсіруге арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған мультимедиалық студия ашылды. «Edsmart Premium Led Doska» студиясы заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, оқытушыларға білім беру мазмұнын жазуға және таратуға мүмкіндік беретін ең жаңа бейне және аудио жабдықтармен жабдықталған.
Мультимедиалық студия Coursera білім беру платформасында курстардан өту мүмкіндігіне ие болған студенттердің сұраныстарына жауап береді. Яғни, Coursera платформасын оқу үдерісіне енгізудің жанама әсері бар. Студенттер интерактивті жоғары сапалы білім беретін бейнеконтентке дағдылана бастады және отандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамынан заманауи деңгейдегі білімді қажет етеді.
Студия оқытушылардың жаңа форматтағы дәрістер легін қалыптастыруына ықпал ету және студенттерді сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін құрылған.
Мультимедиалық студияның ашылуы білім беру үдерісін жаңғыртуға және студенттердің білім деңгейінің сапасын арттыруға, сонымен қатар жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) әзірлеуге көмектеседі.
Университет сонымен қатар оқытушыларды жоғары сапалы бейне дәрістер сериясы үшін ынталандыруды жоспарлап отыр.