А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ҚР Президентінің шәкіртақысын алуға сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Құқықтану факультетінің 3 курс студенттері Кализатова Амина, Майбах Екатерина, Муратова Анастасия және инженерлік-экология факультетінің студенті Гук Анастасия марапатталды.
Ректор салтанатты шарада студенттерге шәкіртақы алуға сертификаттар мен олардың ата-аналарына балаларын жақсы тәрбиелегені үшін алғыс хаттар табыс етті. Студенттер мен олардың ата-аналары университет басшылығына студенттерге жақсы білім беріп, олардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасағандары үшін алғыс білдірді.