ДОСМҰХАМЕДОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ДОСМҰХАМЕДОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне барған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Болат Төкежанов пен оқу орны директорлар Кеңесінің төрағасы Бейбіт Мамраев университет кешенін аралап, ер балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатында, апаттық жағдайда деп танылған №2 студенттік жатақхана ғимаратында, «I-space» бизнес-инкубатор орталығы мен МООК лабораториясында және басқа да нысандарда болып, жағдайымен танысты.
Сапар аясында оқу орны ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді. Сондай-ақ, қонақтар ғалым, профессор Қадыр Жүсіптің танымал композитор, музыка зерттеушісі Илья Жақановтың шығармашылығына арналған «Қазақ романсының патшасы» кітабының тұсаукесеріне қатысты.
Өз кезегінде университеттің профессорлық-педагогикалық құрамы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Б.Төкежанов пен Директорлар кеңесінің төрағасы Б.Мамраевқа оқу, ғылым саласына қатысты сауалдарын қойып, жеке мәселелері бойынша жолықты. Атап айтқанда, оқытушы ғалымдар ғылыми зерттеу жобаларын қаржылай қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар беріп, студенттерді жатақханамен қамту сынды өзекті проблемаларды оң шешу жайы ортаға салынды.