THE IMPACT RANKINGS 2023: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ РЕЙТИНГТЕ КӨШ БАСТАДЫ

THE IMPACT RANKINGS 2023: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ РЕЙТИНГТЕ КӨШ БАСТАДЫ
Білім беру ұйымдарының жаһандық Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу процесіне қатысуын және олардың әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалайтын THE Impact Ranking 2023 жаһандық рейтингінің нәтижелері жарияланды.
Рейтингке 112 елден 1590-нан астам университет қатысты.
Рейтинг нәтижесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ 601-800 позицияны иеленіп, Қазақстан бойынша көш бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның ТОП-5 үздік университеттер қатарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (801-1000), AlmaU (801-1000), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (801-1000) және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (1001+) кірді.
Отандық жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингке қатысуы олардың әлемдік білім беру қоғамдастығы контекстіндегі бәсекеге қабілеттілігі мен маңыздылығын көрсетеді.