Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымдары мен өтініш-тілектерін тыңдады.
Ведомство басшысының онлайн қабылдауына жазылған Астана, Қызылорда және Қостанай қаласының тұрғындары жоғары білім сапасы, оқу бағдарламаларының кемшіліктері, тіл білімі мен ғылымын жаңаша зерттеу және отандық ғылымды дамытуға қатысты ой-пікірлерін айтып, министрге өз сұрақтарын қойды.
Министр Саясат Нұрбек азаматтардың барлық сауалдарына жауап беріп, мұқият зерделеуді қажет ететін кейбір мәселелерді өзінің бақылауына алды. Қабылдауға қатысқан комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырма берді.