Тоқаев М.Қозыбаев атындағы университеттің жұмысымен танысты

Тоқаев М.Қозыбаев атындағы университеттің жұмысымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне барып, білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты.
Университетте 6 мыңнан астам студент оқиды. Жақында жаңа оқу-зертхана корпусы іске қосылған. Онда студенттер мен оқытушылардың түрлі тәжірибелер және ғылыми зерттеулер жүргізуіне барынша жағдай жасалған.