М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ӨКІЛДЕРІ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ӨКІЛДЕРІ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Үргенч мемлекеттік университеті (Өзбекстан Республикасы, Үргенш қ.) базасында «Орнықты даму мақсатында химиялық және тамақ технологиялары саласындағы заманауи ғылыми технологиялық және білім беру ынтымақтастығы» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияға Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі, Бердаха атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Беларусь Мемлекеттік тамақ және химиялық технологиялар университеті, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті өкілдері, шетелдік және отандық өнеркәсіп өкілдері және жас ғалымдар қатысты.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жоғарыда аталған университеттер арасында жасалған меморандум шеңберінде конференцияның бірлескен ұйымдастырушысы ретінде қатысты.
Конференцияда «Жасыл химиялық технология», «Азық-түлік қауіпсіздігі», «Өнеркәсіптік экология және табиғатты ұтымды пайдалану» және «Инновациялық және цифрлық білім беру технологиялары» бағыттары бойынша баяндамалар талқыланып, тиісті ұсыныстар жасалды. Аталған университеттер келесі кездесуді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өткізетін болып келісті.