ЖАС ҒАЛЫМ ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМҒА МАМАНДАНҒАН ЖЕТЕКШІ ЗЕРТХАНАДА ҰЛЫБРИТАНИЯ ЗЕРТТЕУШІЛЕРМЕН БІРГЕ НЕЙРОДЕГЕНЕРАТИВТІ АУРУЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІН МОЛЕКУЛАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЗЕРТТЕУДЕ

ЖАС ҒАЛЫМ ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМҒА МАМАНДАНҒАН ЖЕТЕКШІ ЗЕРТХАНАДА ҰЛЫБРИТАНИЯ ЗЕРТТЕУШІЛЕРМЕН БІРГЕ НЕЙРОДЕГЕНЕРАТИВТІ АУРУЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІН МОЛЕКУЛАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЗЕРТТЕУДЕ
М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының құрылымдық және функционалдық геномика зертханасының ғылыми қызметкері Аяз Белқожаев «500 ғалым» жобасы аясында «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама молекулалық биология және биоинформатика саласындағы жетекші зертханалардың бірі – Өмір туралы ғылымдар саласындағы өнеркәсіппен өзара әрекеттесу зертханасында, Ливерпуль университетінің трансляциялық медицина институтында өтті.
Жас ғалым Ұлыбританияның зерттеушілерімен бірлесе отырып, молекулалық деңгейде нейродегенеративті аурулардың негіздерін зерттеді. Ғылыми тағылымдамадан өту барысында Хантингтон ауруын имитациялайтын адамның жасуша моделіндегі микроРНҚ экспрессиясының деңгейін зерттеу және оны қалыпты жасушалармен салыстыру бойынша зерттеулер жүргізілді.
Зерттеудің нәтижелері сау жасушалар мен Хантингтон ауруынан зардап шеккен жасушалар арасындағы миРНҚ деңгейінде айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетті. Бұл нәтижелер микроРНҚ аурудың биомаркері ретінде әрекет ете алатынын көрсетеді. Бұл бағыт нейродегенеративті аурулардың ерте диагностикасы ретінде перспективалы болуы мүмкін, бұл оларды емдеудің неғұрлым табысты әдістерін жасауға мүмкіндік береді.