«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ қабырғасында Канаданың Торонто университетінің профессоры Сарфароз Ниёзов (Dr. Sarfaroz Niyozov) «Ғылыми жетекшілер мектебі» семинар сериясын өткізді. Профессор Сарфароз Ниёзов білім саласындағы зерттеулермен айналысатын Scopus базасында 14 мақаласы (Хирш индексі – 7) жарияланған ғалымдардың бірі.
Семинарға ғылыми жоба жетекшілері мен қатысушылары, «Ғылыми зерттеулер әдіснамасы» пәні оқытушылары, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар қатысты.
Сонымен қатар Профессор Сарфароз Ниёзов семинарлар сериясынан бөлек «Пересмотрение дискурсов деколонизации образования: размышление из центральной Азии» және «Подготовка докторантов в Канаде: Кейс института образовательных исследований Онтарио университета Торонто» атты тақырыптарда екі қонақ дәрісін де өткізді.
Семинарлар сериясын толық аяқтаған қатысушыларға білім саласындағы зерттеулерге, соның ішінде сапалық зерттеулерге арналған «Ғылыми жетекшілер мектебі» семинарлар сериясын толық аяқтағаны үшін арнайы сертификат берілді.
Қатысушылар семинар барысында көптеген құнды ақпараттарға қанығып, шетелдік озық тәжірибелерді тыңдап, өз тәжірибелерінде қолдануға асығыс екендіктерін жеткізді.
Университет Профессор Сарфароз Ниёзовқа өз білімі мен тәжірибесін бөліскені үшін алғысын білдірді.