Азаматтық авиация академиясы Қытай азаматтық авиация университетімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Келісім ғылыми-зерттеу, консультациялық және өзге де бағдарламаларды іске асыру кезінде жоғары оқу орындары арасында әріптестік қатынастар орнату және тиімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында жасалды. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу және білім беру зертханасын құру, мамандарды даярлау, жобалау, ұшқышсыз авиациялық жүйелерді бірлесіп зерттеу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіледі.