МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
7 және 9 мамыр мерекелері қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов ардагер Рзағұл Байкешұлына барып, ведомство басшысының атынан құттықтау хатын табыстады.
«Сізді Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі жас ұрпақ сұрапыл соғыс жылдары майданда да, тылда да қайсар ерлікпен күрескен ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, тағзым етеді. Өзіңіздей соғыс ардагерлерінің қаһармандығы мен қайсарлығынан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы өмір жолдарыңыз тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Елімізде бейбітшілік пен ынтымақ болып, келешек ұрпақ тәрбиелі де білімді, жігерлі болсын! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға құт-береке, амандық тілеймін!», - деді құттықтау хатында Саясат Нұрбек.
Ардагер министрлік өкілдеріне ізгі тілектері үшін алғыс айтып, ел игілігі үшін игі істеріне батасын берді.