Өзара тиімді ынтымақтастық аясында университеттер келесі бағыттар аясында ынтымақтастық туралы келісті:
- кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- қысқа мерзімді курстарды, дәрістер мен кәсіби семинарларды ұйымдастыру;
- Атырау мұнай және газ университетінде Колорадо тау-кен мектебінің аутсорсинг бағдарламаларын ұйымдастыру;
- бірлескен білім беру бағдарламаларын құру;
- ғылыми және инновациялық жобалар бойынша бірлескен жұмысу;
- тәжірибе, білім және оқытушылармен алмасу;
- Атырауда Колорадо тау-кен мектебінің филиалын ашу.
QS халықаралық үздік университеттер рейтингі бойынша Колорадо тау-кен мектебі әлемде 503-орында. Колорадо тау-кен мектебі тау-кен инженериясы бойынша әлемде №1 және мұнай және газ инженериясы бойынша әлемде №9 орында.
Университеттің жеке Эдгар тау-кен кеніші бар. Эдгар жерасты зертханасы табиғи ресурстарды іздеу, игеру және өңдеу бойынша мамандарды даярлау үшін белсенді түрде пайдаланылады. Америкалық индустрия Колорадо тау-кен мектебінің ғылыми, зерттеу және білім беру бағдарламаларын белсенді түрде қолдайды.