Алматы менеджмент университетінің қабырғасында «Эндаумент қоры және университет менеджменті» тақырыбында вебинар өтті. Бұл – Академиялық Адалдық Лигасының «Powerfull platform for sharing experience» жаңа білім бағдарламасы аясында ұйымдастырылған алғашқы вебинар.
«Эндаумент Ұлттық ассоциациясының» Басқарма Төрағасы, EUSP ректорының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Светлана Лаврова эндаументтің бірегейлігі жайлы және білім беру мекемелері бұл құралды қалай қолданатынын айтты.
Бұл вебинарға 23 университеттің өкілдері қатысты. Ол университет ректорлары мен проректорларына, сондай-ақ университеттің тұрақты даму стратегиясын қалыптастыратын ЖОО-ның стратегиялық және корпоративтік даму сарапшылары үшін қызықты әрі пайдалы болды.