Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын талқылау қорытындысы бойынша халықтың пікірі ескеріле отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын талқылау қорытындысы бойынша халықтың пікірі ескеріле отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
​
Құжат жобасын әзірлеу кезінде тіл саясаты мәселелері бойынша кешенді әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулердің қорытындылары қаралды, талданды және қабылданды.
Тұжырымдаманы іске асыру елдегі тілдік ахуалдың әлеуетін және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесін арттыруға, өңірлік деңгейде өзекті мәселелерді шешуге, оның ішінде тілдік кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
​Құжат жобасында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі де жан-жақты қарастырылған. Әліпбидің бастапқы нұсқаларын әзірлеу кезінде туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талданған. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, «Ашық НҚА» порталына орналастырылған жоба түпкілікті емес екенін атап өткен жөн.
​Құжатты талқылау қорытындысы бойынша халықтың пікірі ескеріле отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Жоба мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.
LEGALACTS.EGOV.KZ