ҰҚК Академиясына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапарымен барды.
Министрге Академия қызметінің негізгі бағыттары, оқу орнын басқаруда қолданылатын инновациялық тәсілдер мен технологиялар және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы бейнеролик көрсетілді.
Саясат Нұрбек Академияның жаңа кітапханасы, спорт алаңдары және нысандары, курсанттарға арналған жатақхана және асханамен танысты.
Сапар барысында Министр Академия басшылығы, ғылыми-педагогикалық және ауыспалы құраммен кездесу өткізді.
Академия ұжымымен кездесу аясында Министр Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін дамыту жоспарлары, әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының прогрессивті тәжірибесі туралы, білім беру үдерістерін цифрландырудың маңыздылығы, онлайн оқытуға деген сұраныс, қашықтықтан оқыту форматындағы білім беру қызметтерінің ауқымын кеңейту және білім беру мазмұнын қалыптастыруға заманауи тәсілдерді қолдану қажеттілігі, сондай ақ қазақстандық ғылымның даму перспективалары және оның жоғары білім сапасын арттырудағы рөлі туралы айтып өтті.
Министр курсанттар мен тыңдаушылармен 21 ғасырда сұранысқа ие құзыреттіліктер, жеке және кәсіби даму үшін ағылшын тілін білудің маңыздылығы, цифрлық трансформациядағы жаһандық үрдістер, оның ішінде жасанды интеллекттің адам өмірінің барлық салаларына ықпалын кеңейту туралы пікірімен бөлісті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті, онда әркім өзін қызықтыратын қандай да бір мәселелерін талқыға салып, пікір алмасты.