С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті «Мұнай инженериясы» MBA бағдарламасының алғашқы қатысушылары магистрлік диссертацияларын қорғады.
2021 жылы ашылған бұл бағдарлама тәуекелдерді басқаруға және Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамыту үшін инновациялық шешімдер шығаруға қабілетті, менеджментті, әлемдік энергетикалық нарықта шешім қабылдау ерекшеліктерін терең түсінетін басқару кадрларын даярлауға бағытталған.
Көшбасшылық дағдыларды меңгерген басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған МВА бағдарламасы – оқу мен жұмысты қатар алып жүруге мүмкіндік беретін модульдік форма. Мұнда отандық және шетелдік профессор-оқытушылар мен сарапшылар, өз ісінің кәсіби шебер мамандары дәріс береді.