AMANZHOLOV UNIVERSITY АЛҒАШҚЫ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA КУРСТАРЫНАН СЕРТИФИКАТТАР АЛДЫ

AMANZHOLOV UNIVERSITY  АЛҒАШҚЫ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA КУРСТАРЫНАН СЕРТИФИКАТТАР АЛДЫ
Бүгін қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera халықаралық білім беру платформасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті биыл осы жобаны иеленген жоғары оқу орындарының тізіміне енді. ЖОО-ға студенттердің Coursera курстарынан сәтті өтуі үшін 500 лицензия берілді, оның 50-і қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Сонымен қатар, осы платформадағы студенттер әлемнің жетекші университеттерінен ағылшын тілінде 10000 курсқа қол жеткізе алады.
Сонымен, біздің студенттер Раксана Вернер Калифорния университетінен «Келіссөздер жүргізу өнері» курсынан өтті, Егор Смирнов пен Данил Горковенко АҚШ-тың Мичиган университетінен бағдарламалау курсын алды. Coursera куәләндыратын кәсіби сертификаттау студенттің резюмесін жақсартатын және жоғары ақы төленетін жұмысқа сәтті орналасу мүмкіндігін арттыратын салада танылған аккредитациямен білім алуын қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, студенттер бұл курстардан үлкен қызығушылықпен өтеді. Әрине, шетелдік профессорлардың еңбектеріне және әлемнің жетекші компанияларының үздік тәжірибелеріне қол жеткізу мүмкіндігі біздің түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.