ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласында өткен «Заманауи педагог. Дағдылар мен құзыреттер» атты семинарға қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға мұғалімдер және мектеп директорлары, болашақ педагогтер – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, педагогикалық колледжінің студенттері мен мұғалім мамандығын таңдаған 11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының жоспарына сәйкес өткізіліп, заманауи педагогтің құндылықтары, дағдылары мен құзыреттерін анықтауға бағытталды. Кездесуде жастарды педагог мамандығына тарту мәселелері талқыланып, білім беру саласындағы коммуникацияда заманауи құралдарды, инновациялар мен технологияларды пайдалануды талданды.
Министр Саясат Нұрбек семинарға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде педагогикадағы заманауи трендтерге тоқталып, қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелейтін мамандық – мұғалім мамандығын таңдағаны үшін алғысын білдірді.
Парламент Мәжілісінің VI-VII шақырылымының депутаты Ирина Смирнова жас және болашақ педагогтермен оқытушылық қызмет тәжірибесімен бөлісті.
Жалпы, іс-шара фасилитация форматында өтті және қатысушыларға заманауи педагог алдында тұрған өзекті сұрақтарға жауап табуға көмектесті.