МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК DE MONTFORT UNIVERSITY KAZAKHSTAN-ҒА БАРДЫ

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК DE MONTFORT UNIVERSITY KAZAKHSTAN-ҒА БАРДЫ
Жоғары оқу орнына министрдің және Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстандағы сауда өкілі баронесса Эмма Николсонның сапары аясында Қазақстандағы халықаралық жоғары білім беруді дамыту және De Montfort University Kazakhstan-да халықаралық сапаны қамтамасыз ету тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
 
Талқылауға De Montfort University Leicester делегациясы, атап айтқанда вице-канцлер Кэти Нормингтон, про-вице-канцлер Саймон Брэдбери және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің өкілі Эдуардо Рамос, сондай-ақ Алматының жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
 
Іс-шара барысында британдық тарап университетке 15 млн доллар инвестиция құйғандығы айтылды. Сондай-ақ, De Montfort University Kazakhstan жаңа кампусын салу және оған алдағы екі жылда 25 млн доллар жұмсау жоспарланып отыр.
 
Сонымен қатар Министр Саясат Нұрбек жоо-ның студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының алдында дәріс оқыды.