ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылдың 25-26 қаңтарында Astana IT University қабырғасында министр Саясат Нұрбектің қатысуымен «Қазақстандағы академиялық артықшылық: академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі бастама тұжырымдамасын талқылау» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының Жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара 50-ден астам аймақтық университеттердің жетекшілері мен өкілдерін, жоғары білім саласындағы сарапшыларды біріктіріп, академиялық артықшылық бастамаларын жүзеге асыру мәселелерін бірлесіп талқылады.

Екі күндік стратегиялық сессияның модераторлары, университетті трансформациялау бойынша сарапшы Дара Мельник және үздік бастамаларды жобалау бойынша сарапшы Егор Яблоков пікірталас алаңдарында жұмысты ұйымдастырды,
онда қатысушылар Академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі бастаманың мақсаттарын, дизайнын, стратегиясы мен іске асыру тактикасын бірлесіп талқылады.
Сессия барысында айтылған барлық ұсыныстар алдағы уақытта меморандумды дайындау кезінде ескерілетін болады.

Еске салайық, бұған дейін Министрлер Кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қаржы,Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, еліміздің өңірлік жетекші мемлекеттік университеттерінің базасында Академиялық артықшылық орталықтарын құру мәселелерін пысықтауды тапсырған болатын.