ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҢҒЫШЫ УНИВЕРСИАДАДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҢҒЫШЫ УНИВЕРСИАДАДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

2023 жылғы қысқы Универсиадада шаңғышы Данил Васильев ел қоржынына екінші алтынды салды. Бұған дейін Вадим Куралес биатлон бойынша жарыста жеңімпаз атанған еді.

Қалыпты трамплиннен секіру жарыстарында қазақстандық Данил Васильев австриялық Максимиллиан Линхер мен Тимон Паскаль Кахоферден озып, ең үздік нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, үздік ондыққа Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин кірді.