«2022 жылдың үздік ғылыми қызметкері» жыл сайынғы сыйлығының конкурсы бойынша апелляция

«2022 жылдың үздік ғылыми қызметкері» жыл сайынғы сыйлығының конкурсы бойынша апелляция

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында «2022 жылдың үздік ғылыми қызметкері» жыл сайынғы сыйлығына қатысушылардың құжаттарын қабылдау рәсімі аяқталды.

Бүгінгі таңда жұмыстарды бағалау бойынша қорытындылар шығарылып, ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкес әрбір үміткер бойынша қорытындылар берілді.

Секциялар ұсынылған материалдар мен құжаттардың таңдалған өлшемдерге сәйкестігін растайды немесе растамайды.

Жұмыстарды қарау нәтижелері бойынша ақпарат уәкілетті органның ақпараттық жүйесіндегі қатысушылардың жеке кабинеттерінде жарияланды. (https://scicontest2022.iac.kz/).

2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығымен (2.11.2022 ж. № 130 өзгерістер) бекітілген жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) енгізілген өзгерістерге сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган конкурс нәтижелерін қайта қарау үшін апелляциялық комиссия құрды.

Құрметті конкурсқа қатысушылар! Сіздерге 2022 жылғы 20 желтоқсан (сағат 14:00) мен 21 желтоқсан (сағат 14:00 қоса алғанда) аралығында конкурс нәтижелері бойынша ақпараттық жүйе арқылы апелляцияға бере алатыныңыз туралы хабарлаймыз.

Сондай-ақ, Қағидаларға сәйкес, секция шешімдеріне шағымдану кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтердегі және растайтын құжаттардағы өзгерістерге жол берілмейді.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы дәлелді жауапты жариялайды.