ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ФРАНЦИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН КЕЗДЕСТІ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ФРАНЦИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН КЕЗДЕСТІ
Францияға сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Густав Рози атындағы Париж институтының Молекулалық биология және генетика кафедрасының халықаралық профессоры болып қызмет атқаратын қазақстандық ғалым Мұрат Сапарбаевпен кездесті.
 
Профессормен кездесуде Саясат Нұрбек қазақстандық ғылымды дамытудың, өндіріс пен ғылыми әзірлемелерді интеграциялаудың маңыздылығын атап өтіп, Мұрат Сапарбаевқа Қазақстандағы ғылымды дамытуға үлес қосуға шақырды.
 
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғылым мен білім беруді экономиканың жекелеген салалары ретінде қалыптастыру мақсатын қойды. Президент жанындағы Ғылым және технологиялар мәселелері жөніндегі ұлттық кеңес құру жоспарлануда. Кеңеске еңбектері жалпы жұртшылыққа белгілі, ғылыми ортада өте беделді ғалымдар кіреді. Жаңа құрылым елдің ғылым мен технология саласындағы мемлекеттік саясатының басымдықтарын айқындайтын болады. Сондықтан сізге осы Кеңестің құрамына кіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», - деді министр.
 
Сонымен қатар, ҚР Ғылы және жоғары білім министрлігі делегациясы профессор Мұрат Сапарбаев жұмыс істейтін Густав Рози институтының зертханасына барды. Бұл зертханада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттарымен бірлескен зерттеулер сәтті жүргізілуде. Қазіргі уақытта 4 жас қазақстандық ғалым Париж институтында ДНҚ репарациясы саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр