​ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ «ДАРЫН» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

​ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ «ДАРЫН» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

​ҚР Үкіметі 2022 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының тізімін жариялады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Камила Егізбек «Ғылым» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығының лауреаты атанды. Жас ғалым биомедицина саласы және су ортасын тазарту үшін наноқұрылымды темір бар материалдарды қолдану технологиясын зерттеп жатыр.

«Ғылым» номинациясы бойынша тағы да бір лауреат – Сулейман Демирель атындағы университет оқытушысы Фарух Машуров. Оның ғылыми жұмыстары ассоциативті емес алгебраның құрылымдық мәселелерін зерттеумен байланысты.

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша сыйлық Сәтбаев университетінің оқытушысы Алмас Төлепке тағайындалды.

Министрлік «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, оларға еңбекте табыс тілейді!​