Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң)   мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылатын өмірді сақтандырудың жаңа тобы/түрі енгізілді. 

Жоғарыда көрсетілген Заңға (2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) сәйкес «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – МБЖЖ туралы заң) 14-1-баппен толықтырылды, онда білім беру жинақтау сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.

Осыған байланысты жоба МБЖЖ туралы заңның 14-1-бабының 7-тармағының 3-тармағында және 2) тармақшасында белгіленген құзыретке сәйкес әзірленді.

Жобамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысымен бекітілген білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеудің қолданыстағы әдістемесіне білім беру жинақтау сақтандыру шарттары бойынша жыл сайынғы және бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындауға қатысты өзгерістер енгізілді.

Жоба алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz – ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.