
Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шығыс Қазақстан облысына іс сапары барысында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да болды, өңір жұршылығымен кездесті. Іс шараға жергілікті атқарушы органдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері де қатысты.
Министр жоғары оқу орнының материалды техникалық базасымен, ғылыми жетістіктерімен, технологиялық көрсеткіштері, тың жобаларымен танысты.
Министр Ғылыми орталықтарды аралап, «Прототиптеу және материалдарды өңдеу» Ғылыми өндірістік кешенінде, Құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы Құзіреттілік және трансфер орталығында болды. Ғылыми орталық қызметкерлері ведомство басшысына медицинада қолданылатын титан өнімдерін; газ-мұнай саласына арналған титан өнімдерін; тантал мен ниобийден дайындалған медициналық бұйымдарды; диқаншы планшетын, 3D- принтерлерді таныстырды.
Саясат Нұрбек Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері мен қызметкерлерінің өңір мен ел дамуына қосып жатқан ғылыми жетістіктерін жоғары бағалады.
Іс-сапар жұртшылықпен кездесумен аяқталды. Министр барлық қатысушыларға, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызын жылы қарсы алып, университетте ұйымдастырылған экскурсияға алғыс білдіріп, жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді.